Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақшаңызға сақ болыңыз

Ақшаңызға сақ болыңыз

Алаяқтар бөтен адамдардың төлем карталарынан ақша ұрлаудың түрлі тәсілдерін ойлап тауып жатыр. Банкоматпен операция жүргізген уақытта иығыңыздан сығалаудан бастап желідегі хакерлік шабуылмен аяқталады.
Мұны естен шығармау керек, тіпті банктің қызметкерімін деп телефон соқса да, PIN, CVV немесе СМС кодтар сияқты дербес деректерді айтпау керек.

Жүйкеңіз бен қаржыңызды сақтау үшін қарапайым ережелерді ұстаныңыз.

Күмәнді сайттарда картаның деректемелері мен жеке мәліметтеріңізді енгізбеңіз. Интернетте ақы төлеуге рұқсатты ашпаңыз, тек зат сатып алардың алдында ғана ашыңыз.

Егер картаңызды жоғалтып алсаңыз, не болмаса онлайн-банкингте өзіңіз жасамаған транзакцияларды анықтасаңыз, оны дереу бұғаттаңыз.

Абай болыңыз. Сақ болу – ақшаңыздың қауіпсіздігінің кепілі екенін естен шығармаңыз.
baq.kz

31 қаңтар 2021 ж. 567 0