Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Эпидемиолог: Вакцина ұжымдық иммунитет қалыптастырады

Эпидемиолог: Вакцина ұжымдық иммунитет қалыптастырады

Вакциналау – дәл қазір аурудың алдын алып, адам өмірін сақтап қалудың тиімді әдісі.
Қазір дифтерия, сіреспе, көкжөтел, тұмау және қызылша сияқты 11 инфекцияның түріне жоспарлы, 8 инфекцияға эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша екпе жұмыстары жүргізіледі. Жалпы алғанда, бұл вакциналар жыл сайын 3 миллиондай адамның өмірін дерттен сақтайды.
Кейбір адамдарға, мысалы, ауыр науқастарға, белгілі бір вакцина алуға болмайды, сондықтан олар ауру таратпау үшін басқа адамдардың егілуіне тәуелді. Вакцина қабылдау ұжымдық иммунитет қалыптастырады, ал бұл жұқпалы аурулардың таралуын бәсеңдетеді. Сондықтан пандемия кезіндегі қауіпті ескере отырып, халықты екпе егуге шақырамын.
Ә.Идрисова,
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы, эпидемиолог

kyzylorda-news.kz​​​
03 ақпан 2021 ж. 547 0