Еңбек министрлігі Қазақстан азаматтарына ескерту жасады

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. «Азаматтардан қырағылық танытуды және белгісіз адамдардың қулықтарына бой алдырмауды сұраймыз! Соңғы уақытта қазақстандықтарға түрлі байланыс операторларының ұялы нөмірлерінен қоңыраулар түсіп жатыр. Белгісіз адамдар өздерін Еңбекминінің қызметкерлері деп таныстырып, банктік картаның құлпын ашу үшін кредиттерді өтеуді сұрайды немесе азаматтардың жеке деректерін сұратады. ҚР Ебекминінің қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайды және жеке ақпарат сұрамайды. Азаматтардан қырағылық танытуды және белгісіз адамдардың қулықтарына бой алдырмауды сұраймыз!»,-делінген министрліктің хабарламасында.
syrboyi.kz