Онлайн қызмет түрлері

Бірінші кезеңде өтінішті келесі қызметтер бойынша беруге болады:
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;
3. Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау;
4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
5. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
6. Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
Сұрақтар туындаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының немесе халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері азаматқа Whatsapp мессенджері арқылы бейне қоңырау шалады.