Еліміздің үш өңірі «қызыл» аймақта
Эпидемиологиялық ахуал бойынша елдің үш облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
5 ақпандағы жағдай бойынша:
«Қызыл» аймақта: Ақмола, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстары.
Елдің өзге облыстары мен қалалары «жасыл» аймақта.
baq.kz