Қызылордада мал ұрлығы 30 пайызға азайған

Аймақта өткен жылы 282 мал ұрлау дерегі тіркелген. 20 қылмыстық топ құрықталып, 107 адамға заң аясында шара көрілген. Ал жыл басынан бері 26 мал ұрланған.
«Мал ұрлығының басым бөлігі өрісте орын алады. Иесіз жүрген малды сойып алып кететін жағдайлар көп. Мал ұрлығы тіркеліп, кейін далалық жерден табылған дерек те бар. Яғни, мұның барлығы паданың ұйымдастырылмауы. Малды қараусыз жайылымға жіберудің салдары. Осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – дейді Шамшидин Амитов.
kyzylorda-news.kz