Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтық азаймай тұр

Алаяқтық азаймай тұр

Өткен жылмен салыстырмалы түрде алып қарайтын болдсақ жалпы қылмыстың тіркелуі - 36 пайызға төмендеген. Ал  аса ауыр қылмыс пен жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыстар  мүлде тіркелмеген. Өкінішке орай, алаяқтық қылмысы 88  пайызға,   мал ұрлығы  66 пайызға артты. Бұл туралы Арал аудандық полиция бөлімінің, полиция полковнигі А.Утегеновтың   ағымдағы жылдың 10 айында ауданда тіркелген қылмыстар туралы өткен баспасөз брифингінде кеңінен баяндады.

Алаяқтық – бұл нарықтық экономика жағдайында және   кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған қылмыстың түрі. Ауданда алаяқтық қылмысы көп ретте  интернет желісі арқылы немесе азаматтарды жұмысқа орналастырып беремін деп, пәтер алуға көмектесемін деп алаяқтық жолмен ақшаларын алып  қою деректері көптеп кездеседі екен.
– Алаяқтық түріндегі жасалатын  қылмыстардың алдын алу бағытында прокуратура  өкілдерімен бірге бұқаралық ақпарат құралдарына интернет жүйесінде қандай жолмен алдану тәсілдері бар екендігі жөнінде ақпараттар беріле отырып, қоғамдық орындарда ескертпе түріндегі билбордтар орнатылды. Біз осы арқылы аяқтық қылмысының жәбірленушісі болудан сақтануды ескертеміз, –деген А.Утегенов алаяқтық қылмысын болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ бүгінгі күні мал ұрлығы жалғыз біздің өңірде ғана емес, еліміздің барлық аумағында кең етек алып отырған қылмыстың түрі.  Табылған қылмыстың өсуінің негізгі себептері де бар.
 – Көбіне бізде малды бақташысыз жайып жібереді. Сонан соң 2-3 ай өткенде  өз бетінше іздеп табылмағаннан кейін, араға уақыт өткізіп   малдың жоғалғаны туралы кеш хабарлайды. Малды бақташысыз жайып жіберудің салдарынан, мал  ұрлығымен тіркеліп, кейін малдары далалық жерде табылып, иелеріне қайтарылған деректерде жие кездеседі. Мұндай 13 қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды. Сонымен қатар, қараусыз жүрген үй жануарларының республикалық маңызы бар автожолдарға шығып кетуінің салдарынан биылдың өзінде 13 жол-көлік оқиғалары орын алды, - деді.
Мал ұрлығының алдын алу мақсатында,  аудандық Ветеринарлық инспекциясымен бірлесіп тиісті ілеспе құжаттарсыз  мал тасымалдау деректерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілген. Рейдтік жұмыс барысында  мал және ет өнімдерін тасымалдағаны үшін 27 автокөлік анықталып, әкімішілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынған. Сондықтан малдың иесі малдарды арнайы тіркеуге қойып, сырғалау жұмыстарын жүргізіп, арнайы бақташы арқылы баққызу жұмыстарын жолға қойса, мал ұрлығының алдын алуға өзіндік септігін тигізеді.
         Қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі болып отырған Армения Республикасынан Қазақстанға әкелінген автокөліктердің тіркелуі.  Қазіргі таңда елімізде шелелден келген көліктерді рәсімдеу жұмыстары оңтайлы түрде жүргізілуде. Арал ауданына Армения Республикасынан келген 47 автокөлік бар.  Оның  33 автокөлігі тіркеліп  рәсімделген.
– Арменияда тіркелген көлік иесі тіркеу алдымен  жарнасы үшін – 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін – 3473 теңге және мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін 7778 теңге төлейді.  Шетелдік көлікті тіркеуге жалпы 11 946 теңге төленеді. Көлік құралдарын тіркеу үшін жеке басын куәландыратын құжат, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615 бабына сәйкес, мемлекеттік баждың есептік айлық көрсеткішінің 0,25%  яғни 11 946 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік тіркеу жинағы туралы және өзге де бірқатар заңды құжаттары болуы тиіс, - деді ол.
          Жалпы қылмысқа қарсы күрес, оның ішінде ұрлықтың алдын алу, болдырмау, ашу жұмыстары полиция қызметкерлері алдына қойылған үлкен міндет. Осындай өздеріне  жүктелген үлкен жауапкершілікті жүзеге асыру жолында аудандық полиция бөлімі жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Брифинг барысында бөлім басшысы А. Утегенов қойылған сұрақтарған жан жақты жауап берді.
Н. Маратқызы
17 қараша 2020 ж. 481 0