Өзекті мәселелер талқыланды

Мәжіліске қатысушылар алдымен жергілікті полиция бөлімінің басшысы М.Дәрмағамбетовтың аудандағы алаяқтық қылмысының өсім алуы жөніндегі баяндамасын тыңдады. Қазіргі таңда еліміздің басқа өңірлерімен қатар, ауданымызда да әлеуметтік желі және телефон арқылы жасалатын түрлі жағдайдағы алаяқтық қылмысының саны артқан.
Жиында алаяқтардан тұрғындарды сақтандыру мақсатында әлеуметтік желіде хабарламалар тарату, көрнекі үгіт-насихат құралдарын орналастыру тиісті мекеме басшыларына жүктелді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе жөнінде аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Әбиева жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларды түрлі үйірмелерге тарту, жол қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы атқарылған жұмыстарды баяндады. Баяндамадан соң қатысушылар бала тәрбиесіне ата-аналардың да жауапкершілігін арттыру қажет екендігін айтып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Жиын соңында аудан прокуроры А. Тәженов оқушылар арасында топтық төбелес, өз-өзіне қол жұмсау сынды жағдайларды болдырмау және учаскелік полиция инспекторларының жауапкершілігін күшейту жөнінде жауапты мамандарға тапсырмалар жүктеді.