Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘКІМДІК ЖӘНЕ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ

ӘКІМДІК ЖӘНЕ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында әкімдік және аппарат жиыны өтті. Басқосуда аудан әкімі М.Оразбаев ең алдымен орын алған кадрлық өзгерістерге тоқталып, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Арал аудандық филиалының жаңа директоры қызметіне тағайындалған Ембергенова Нұрсәуле Сайлауқызын таныстырып өтті.
Одан әрі күн тәртібіне көшкен аудан басшысы ең алдымен әкімдік мәжілісінде қаралатын мәселелерге тоқталды. Әкімдік мәжілісінде 2020 жылы өткен аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуінің қорытындысы және ауданда мәндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарының жүргізілу барысы сөз болды.
Әкімдік мәжілісінің күн тәртібіне енгізілген бірінші мәселе турасында аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев хабарлама жасап, ағымдағы жылдың 15 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында өткен аудан әкімінің есепті кездесуінде аудан тұрғындары тарапынан 94 мәселе көтерілгендігін атап өтті. Аталған мәселелерді шешу мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, барлық жауапты орындаушыларға тапсырмалар жүктелген. Алдағы уақытта белгіленген мерзімге сәйкес шешімін тапқан мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау көзделіп отыр.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық аурухананың бас дәрігері М.Ршымбетов пен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Ғ.Тоғысова сөз алып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты тұлғалар туралы деректерді өзектендіру жұмыстарының барысын баяндап өтті. Өзекті мәселелер қаралған жиын қорытындысымен тиісті қаулылар қабылданды.
Алқалы жиын одан әрі аппарт мәжілісіне ұласып, күн тәртібінде маңызды деген үш мәселе кеңінен талқыланды. 
Аппарат мәжілісінің күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе аудан бюджетінің екі айдағы игерілуі туралы аудандық қаржы бөлімінің басшысы М.Көлдеев хабарлама жасаса, аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов 2020 жыл – Волонтер жылына орай ауданда атқарылатын шаралар мен 1 наурыз – Алғыс айту күні мен 8наурыз – Халықаралық әйелдер күнін ауданда атап өту бойынша жоспарланған мерекелік шараларға кеңінен тоқталды.
Аппарат мәжілісінің қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, аталған тапсырмалардың орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
17 ақпан 2020 ж. 755 0