Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Наурыз мейрамы қалай тойланады

Биыл Наурыз мейрамы қалай тойланады

Наурыздағы мерекелік күндерде бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында наурыз айындағы мерекелік күндерде коронавирусқа байланысты қатаң шаралар қабылдау мүмкіндігі туралы сұралды. Осы орайда қалааралық немесе мемлекетаралық әуе рейстерді шектеу енгізу мүмкіндігі жайында сауал қойылды.
«Бұл жағдай әрбір өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Сондықтан әр өңірдің бас санитар дәрігері жергілікті жердегі аурудың таралуына қатысты көрсеткіштерді назарға алып, өздерінің қаулысын қабылдайды. Барлығы қалыпты болса, қазіргі тәртіпте жұмыстар жалғасады. Бірақ бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Әркім наурызды өз отбасында тойлауы керек», - деді Ажар Ғиният.
Бұдан бұрын хабарланғандай , вице-министр Қазақстанда қашаннан бастап медициналық маскасыз жүруге болатынын айтты.
10 ақпан 2021 ж. 719 0