Адам тани аласыз ба?
Суретке қарап, төрт адамның қайсысы ұры деп ойлайсыз, соны анықтаңыз. Содан соң сурет нөміріне сәйкес өзіңіз туралы деректі оқыңыз.
1-сурет
Сізді түйсігіңіз алдамайды. Кез келген қиындықты шешерде алтыншы сезіміңізге сене беріңіз. Осы қасиетіңіздің арқасында:
– Адаммен тез тіл табысасыз;
– Адамның ақ-қарасын бірден ажыратасыз;
– Қандай іс болса да келеңсіздікке жол бермейсіз.
Дегенмен адамды 100 пайыз толық танисыз деп айта алмаймыз.
2-сурет
Адамды тануға қатысты тәжірибеңіз мол. Тактикалық ойлау қабілетіңіз жақсы дамыған. Техникалық бағытта жұмыс істесеңіз, ешкім сіздің орныңызды баса алмайды. Мынадай кемшіліктеріңіз бар:
– Сондай аңғалсыз, бұл қасиетіңізден опық жеп қаласыз;
– Сізді алдау оңай;
– Елдің бәрін өзіңіз сияқты деп ойлайсыз;
Дос таңдағанда да аса мұқият болыңыз. Кез келген адамға сене бермеңіз.
3-сурет
Өте интеллект тұлға екенсіз! Философияны жаныңыз сүйеді, білімді жансыз. Барлығына жауапкершілікпен қарап, әр детальға мән бересіз!
– Адамды жақсы танисыз!
– Араласуға бола ма, жоқ па – бірден білесіз.
– Кіммен қалай сөйлесу керегін жақсы білесіз.
Сізді кейбірі беймаза деп ойлауы мүмкін, алайда сізбен араласуға бәрі құмар. Сәл ұстамды болып, көрінгенге ақыл айта бермеуді ескеріңіз.
4-сурет
Дедуктив қабілетіңіз жақсы дамыған. Нағыз стратег әрі тактиксіз. Сізден ештеңе жасыру мүмкін емес. Сұрақтың түбіне терең бойлайсыз.
– Басқаның әрекетін оңай бағалай аласыз;
– Қарым-қатынас құруда еш қиналмайсыз;
– Адамды жақсы танисыз.
Осы қасиеттеріңізге қарамастан, көпшілік жиналған жерге аяғыңыз тартпай тұрады.
Адамды бір көріп тану екінің бірінің қолынан келмейді. Алайда кез келген адамның жақын досы, сырласар жақыны болғаны, оны шын тани білгені абзал.
massaget.kz