Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер уақыты екі есеге қысқарды

Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер уақыты екі есеге қысқарды

ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеу туралы шешім қабылдауға өтінімді электронды түрде беруге жағдай жасайтын нормалардың арқасында мүмкін болды. Мұндай өзгертулер «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің ережелеріне енгізілді.
Комитеттің ақпараттық жүйелерінде өтініш берушілердің осындай өтініштерді (электрондық немесе сканерленген құжаттарды қоса бере отырып) электрондық түрде беру мүмкіндігі іске асырылды.
Көрсетілген өтініштер Мемлекеттік кірістер органына тауарды ЕАЭО СЭҚ ТН он мәнді коды деңгейінде жіктеуге мүмкіндік беретін тауар туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып берілетін болады.
Енгізілген түзетулермен Тауарларды сыныптау туралы шешімдерді беру мерзімдері айтарлықтай қысқарғанын атап өту қажет.
Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылдау 20 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды, ал жинақталмаған түрде жеткізілетін тауарларды (бұларға зауыттар мен фабрикаларға арналған жабдықтар жатады және т.б.) сыныптау туралы шешімдер қабылдау 30 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Осылайша, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне түзетулер бизнеске салыстырмалы түрде қысқа мерзімде тауарларды байланыссыз форматта жіктеу туралы шешімдер алуға ықпал етеді.

Қ.Қаныбетов,
Арал кеден бекетінің бас маманы
12 ақпан 2021 ж. 294 0