Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 15 ақпанға жасалған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Қазгидромет.
ҚР территориясының ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Еліміздің басым бөлігінде жоғары қысым аумағы жауын-шашынсыз ауа райын сақтаса, батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аудандарына циклон жырасы өз әсерін сақтайды – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ, басым бөлігінде желдің 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Атырау облыстарында кей жерлерде тұман, Павлодар облысында – көктайғақ, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 17-22 м/с күшеюі, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

kyzylorda-news.kz


15 ақпан 2021 ж. 289 0