Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Не үшін үй телефонын лақтырып тастауға болмайды

Не үшін үй телефонын лақтырып тастауға болмайды

Қазір ешкім үй телефонын пайдаланбайды, соған қарамастан одан біржола бас тартуға болмайды деп жазады kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы".
Бұл туралы B&C Agency коммуникация агенттігінің басқарушы серіктесі Марк Шерман айтып берді. Маманның сөзінше, үйде әрқашан қосалқы байланыс құралуы болуы тиіс, оның жалғыз себебі бар – ұялы телефон кез келген уақытта істен шығуы мүмкін немесе қуаты бітіп қалады. Ұялы байланыс қандай да бір себептермен жарамсыз болып қалғанда стационарлық телефон көмектеседі. Әсіресе бұл шұғыл қызметтерге қоңырау шалуға өте қажет болады. Екінші жағынан, қазіргі уақытта үй нөмірін сұрайтындар аз, ұялы байланысқа толығымен ауысқысы келмейтіндер ғана стационарлық телефонды ұстап отыр. Уақыт өте келе олар толығымен жойылады, деп сөзін қорытындылады Марк Шерман.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік. Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі. Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді. Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды. Сонымен қатар, ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген еді.
18 ақпан 2021 ж. 400 0