Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыста неліктен ұялы байланыс істен шыққаны анықталды

Арыста неліктен ұялы байланыс істен шыққаны анықталды

ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі министрі Асқар Жұмағалиев Арыс қаласында төтенше жағдай кезінде неліктен ұялы байланыс істен шыққанын түсіндірді,"Арыста ұялы байланыстың істен шығуына қатысты айтар болсақ. Бұл жарық жүйесінде болған ақауға байланысты. Электр қуатының таралуы бәсеңдеген уақытта базалық станциялар аккумулятормен жұмыс істеді, алайда олар көп уақытқа есептелмеген. Осыған байланысты ұялы байланыс жұмысында ақау пайда болды. Қазіргі уақытта барлығы істеп тұр. Мамандар қалаға кірген уақытта, байланыс толығымен орнатылады", - деді Жұмағалиев.  Арыс қаласында болған жарылыс кезінде ата-анасынан адасып қалған балалар туралы мәлімет әлеуметтік желі арқылы таралған еді. Сондай-ақ Tengrinews.kz редакциясына бірнеше баланың суреті жолданған еді. Облыс басшысы Өмірзақ Шүкеев жарылыстың бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін мәлімдеген. 25 маусымда түнгі уақытта 117 баланың ата-аналарына тапысырылғаны хабарланды. Осыдан кейін де мың бала ата-анасына тапсырылғаны жайлы хабар тараған еді.
https://kaz.tengrinews.kz

25 маусым 2019 ж. 691 0