Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС есебінен оңалту

МӘМС есебінен оңалту

Осыдан алты жыл бұрын қызылордалық Нина Бекееваға Паркинсон ауруы диагнозы қойылды. Өздеріңіз білетіндей, бұл ауру өршіп, іс жүзінде емделмейді. Оның ағымын тек баяулатуға болады. Ол бірнеше рет күндізгі стационарда медициналық көмектерін және облыстағы «Q-med» жеке медициналық орталықта екі рет қалпына келтіру емін алды.– Мен бұл клиникадағы екі апталық курста физикалық тұрғыдан емделіп қана қоймай, ең керемет шипажайда жатқандай демалдым, - деді пациент.
- Мен мұнда бірнеше рет ем қабылдадым, олардың ішінде физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж және тағы басқалар. Мен әрдайым осы клиника қызметкерлерінің жұмысына, көрсетілген қызметтердің сапасына және осы медициналық мекемеде қалыптасқан ерекше мейірімді атмосфераға таң қаламын. Мен - зейнеткермін, мемлекет қаржыландыратын санаттағы сақтандырылған азаматтардың қатарынан боламын. МӘМС жүйесіне заманауи клиникада оңалтудан өту мүмкіндігін бергені үшін алғысымды білдіремін, - деп атап өтті Нина Бекеева.
Айта кетейік, «Q-med» клиникасында тек Қызылорда облысының ғана емес, басқа да өңірлердің тұрғындары оңалтудан өтеді. Басты шарт- қолыңызда міндетті түрде жергілікті емхана дәрігерінің жолдамасы болуы қажет.2020 жылы аймақтың 17 медициналық ұйымы стационарлық жағдайда 1 709,3 млн теңге сомасына 8 741 оңалту қызметін көрсетілді.
Ал, 2021 жылғы қаңтар айында облыстың медициналық ұйымдары стационарлық жағдайда 127,6 млн теңге сомасына 632 оңалту қызметін көрсетті.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
18 ақпан 2021 ж. 379 0