Терапиядағы тынымсыз тірлік

Аудандық аурухананың терапия бөлімшесінде болып, аталған құрылымдағы ақ халатты абзал жандардың жұмысын көріп қайттық. Бұл бөлімшенің ұлт саулығы үшін қосқан үлесі өлшеусіз екені баршаға мәлім. Қысқасы, мұнда дерт меңдеп келушілер де, ауруынан жазылып шығушылар да баршылық екен. Бәрінің айтары – алғыс. Арбаға таңылып, артынша аяғына тұрған, балдаққа сүйеніп, кейіннен әлгі көмекші құралды қажетсіз еткен адамдар көп-ақ.
Бөлімшедеміз. Бәрін көріп отырмыз. Зал мұнтаздай таза. «Тазалық табалдырықтан басталады» деген қағиданы басшыдан бастап жай жұмысшыға дейін санаға тоқығаны көзге ұрып тұр. Бөлімше меңгерушісі, білікті дәрігер Құралай Омарова қауырт жұмыс үстінде. Басқарушымын демейді, бойында қарапайымдылық басым.
Кәсіби міндетімізбен Құралай Жұмаханқызының алтын уақытын алып, сөзге тарттық:
– Әр саланың өз қиындығы болады. Хирург ота жасайды, травматолог сынықты қалпына келтіреді. Ал біз ше? Бір қарағанда жұмысымыз елене бермейтін сияқты. Бірақ олай емес. Ел біледі. Қан қысымы көтеріліп, жабыққан жанның дертіне шипа боларлық ем беруге асығамыз. Рухани демеу сөз айтамыз. Ең бастысы – дәру сөз деген емес пе. Ақыл-кеңесімізді аямаймыз. Дәрігерлер бекіткен ем-домды тұрақты қабылдауды, бұлжытпай орындауды талап етеміз. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда қан қысымының көтерілуі, бастың ауруы күрт артқан. Мәселен, біздің көмегімізге сүйеніп, ауруына шипа іздеп келетіндер арасында үлкен де, кіші де бар. Орта есеппен алғанда, бір тәуліктің ішінде терапия бөлімшесінің төсегіне 10-нан аса адам таңылады. Бір айда қанша болатынын өзіңіз пайымдай беріңіз. Оларға невропатолог дәрігерлер Баймырза Өтешов, Нұржігіт Сералиев және кардиолог Айнұр Әмірешова тұрақты түрде ем жүргізеді. Бұдан бөлек, аға аяжан Баян Жеткергенова сынды медбикелер науқастардың сауығып шығуына күн-түн демей қызмет көрсетеді, – деп басты міндет– елге қызмет екенін алға тартты.

Абай ЖАЙШЫЛЫҚ