Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтау

Құттықтау

Құрметті ақ халатты абзал жандар!
Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғайды.
Мансаптың да, қызметтiң де, атақтың да, байлықтың да дәрiгер үшiн құны маңызды емес. Дәрiгерге ең қажеттісі– адамның денсаулығы, оның тағдыры. Науқас адам жанына дәру iздеп, дәрiгерге барары хақ. Үмiтке үмiт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы ақ халатты абзал жандар. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, басы ауырып, балтыры сыздағандардың дертіне шипа тауып, алғыс-сауабын арқалайтын да – медицина қызметкерлері.
Биылғы елдегі COVID-19 пандемиясы медицина саласы қызметкерлерінің халық үшін, алдына ем іздеп келген әрбір адам үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетіп, мерейін өсіріп отыр. Ел үшін, тұрғындардың денсаулығы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, уақытпен санаспай сырқаттың бетін қайтаруымен күрескен адам жанының арашашысы болған жандарға шын көңіліммен алғыс айтамын!
Құрметті медицина саласының қызметкерлері және ардагерлері!
Бұл күн – құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы. Сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш-қайрат және отбасыларына береке тілеймін. Ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Ізгі тілекпен, «Арал ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері Марат Құбылұлы Ршымбетов
20 маусым 2020 ж. 1 862 0