Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН АБЗАЛ ЖАН

АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН АБЗАЛ ЖАН

Мемлекеттің басты байлығы–адам десек, әрбіріміздің аман- саулығымызды бақылайтын ол, әрине, ақ халатты абзал жандар. Қателік жасауға хақысы жоқ мамандық иелерінің қызмет жолы қиын, әрі тосын оқиғаларға толы. Әсіресе, перзентханада қызмет ететін мейірбикелер қаншама жаңа өмірге жарық сыйлап, талай баланың кіндігін кесті.
Сондай жандардың бірі – Сексеуіл кентіндегі емханада аға аяжан болып жұмыс жасайтын Айнұр Данмуринова. 1996 жылы Ақтөбе медициналық колледжін тәмамдаған жас маман көп ойланбастан туған жерге қызмет етуге келеді. Ол бірден кенттегі перзентхана бөліміне мамандығы бойынша акушерка болып жұмысқа қабылданады. Еңбек жолы осылай басталған Айнұр Әбілқасымқызы 22 жылға тарта уақыттан бері кенттегі келіншектердің өмірге дені сау ұрпақ әкелуі жолында аянбай қызмет етіп келеді.
–Біздің жұмысымыз – өмір мен өлімнің ортасында жан ұшыр- ған жандарға көмектесу. Бұл салада қызмет еткен жылдарымда көп тосын жағдайларды бастан кешірдім. Аудан орталығына жетпей, медицина көлігінде талай баланың өмірге келгенінің куәсі болдым. Қыстың қақаған суығында көлік істен шығып, далада қалып қойған кездеріміз де болды. Бірақ, қызмет бабындығы бұл қиындықтар бізді шыңдай түсті, – деген Айнұр жұмыс барысында кездескен тосын жағдайларды еске алды.
Иә, дәрісінен бөлек, жылы шырайымен жанына дауа іздеген науқасқа шипа болатын аяжандар – ұлы мамандық иелері. Айнұр Данмуринованың да бұл еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол бірнеше мәрте аудан, кент әкімшілігі тарапынан Алғыс хаттармен марапатталып, «Үздік медбике» атанған. Бүгінде кенттегі емханада аға аяжан ретінде 53 медбикеге басшылық жасап жүр. Адамгершілік пен парасатты- лықтан айнымай, ар-ожданын жоғары қоятын, ертелі-кеш ұлт пен ұрпақ саулығы жолында қызмет етіп жүрген әрбір медицина са- ласының кызметкері құрметтің төріне лайық жандар.
 
Назерке МАРАТҚЫЗЫ.
11 мамыр 2018 ж. 1 583 0