Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, ақ халатты абзал жандар!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, ақ халатты абзал жандар!

Құрметті, Марат Құбылұлы денсаулық сақтау саласы қызметкерлері
Сіздерді табалдырықтан аттаған 2020 жылмен құттықтаймыз. Тышқан жылы отбасыларыңызға табыс, берек, байлық әкелсін. Адам жанының аршашысы болған еңбектеріңіз жемісті болсын!
Денсаулық саласының қоғамда алар орны қашан да ерекше. Басы ауырып, балтыры сыздағаннның жанынан табылып, дертінен айығуы жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз елдің көз алдында. Ақ халатты абзал жан атанып, адал еңбектеріңізбен халықтың алғысына кенеле беріңіздер.
Сіздер 90 жылдық тарихы бар "Толқын" газетіне жазылу кезінде айтарлықтай үлес қостыңыздар. Белсенділік танытып, газетіміздің тұрақты оқырманына айналдыңыздар. Осы үшін айтар алғысымыз зор. Денсаулық сақтау қызметкерелерінің жетістіктерін оқырманға жеткізуде аянып қалмаймыз. Редакция мен денсаулық саласы еңбеккерлері арасындағы осы байланыс келер жаңа жылда да нығая түседі деп сенеміз.
"Толқын" редакциясы ұжымы.
31 желтоқсан 2019 ж. 1 550 0