Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰРМЕТТІ, ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!

ҚҰРМЕТТІ, ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!

ҚҰРМЕТТІ, ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!
Сіздерді Қазан айымен қатарлас келген кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Күн астындағы теңдессіз мамандық саналған осы саланың ыстығы мен суығына төзген сіздердің болашақ иелерін тәрбиелеудегі еңбектеріңіз өлшеусіз. Болашақтың басшысы да, ақыны мен батыры да сіздер берген білім мен тәрбиеден нәр алып,үлкен өмірге қадам басады. "Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын ұстаздікі" деп Мағжан ақын айтқандай сіздерге қоғам қашан да құрметпен қарайды.
Осы орайда Арал аудандық "Толқын" газетінің ұжымы білім беру ісіндегі еңбектеріңізге толайым табыс, шығармашылық шабыт тілейді. Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын!
Ізгі ниетпен, "Толқын" газетінің ұжымы
05 қазан 2018 ж. 2 175 0