Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылдарыңыз құтты болсын білім саласының қызметкерлері!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын білім саласының қызметкерлері!

Қадірлі, ұстаздар қауымы!
Құрметті Санира Нұрқожақызы және аудандық білім саласының қызметкерлері!
Сіздерді табалдырықтан аттаған 2020 жылмен құттықтаймыз. Тышқан жылы отбасыларыңызға табыс, берек, байлық әкелсін. Ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңіз жемісті болсын!
Біз үшін ұстаз мәртебесі бәрінен биік. Сіздердің білім саласындағы еңбектеріңіз қашан да өлшеусіз. Ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде аянбай жұмыс істеп келесіздер. Ұстаздар қауымының бұл еңбегі әркез ел назарында.
Сіздерді 90 жылдық тарихы бар "Толқын" газетінің шынайы жанашыры ретінде ұдайы құрмет тұтамыз. Баспасөзге жаздыру науқанында ерекше белсенділік танытып, газетіміздің тұрақты оқырманына айналдыңыздар. Сол үшін мың алғыс. Редакция мен оқырман-ұстаздар арасындағы осы байланыс нығая түссін деп тілейміз. Тағы да жаңа жылдарыңызбен ардақты ұстаздар!
"Толқын" редакциясы ұжымы
31 желтоқсан 2019 ж. 1 063 0