Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке құтты болсын ұстаздар!

Мереке құтты болсын ұстаздар!

Өзгеше олар, беретін тәлімі ерек,Ұстаз көрсең өмірің түске айналар.
Мұғалімнің қолынан бәрі келед,
Қаламды да, күрек те ұстайды олар.

Оның сырын болмайды кісі ақтарып,
Қай-қай жерден болса да табылады.
Түн төсекте қаламын құшаққа алып,
Жамылғы қып парақты жамылады.

Ұстаз жайын өзге жан еш ұқпайды,
Және тағы шықпайды жай атағы.
Үкісі алтын үкіден кеш ұйықтайды,
Таң алдында тауықты оятады.

Білім қылып беретін сыйын жұртқа,
Ұстаздарды, ағайын, ұлықтаңыз,
Терминатор төзбейтін қиындыққа,
Мұғалім төзетінін ұмытпаңыз.

Көп сөзімнің нүктесін қағайын дәл,
Күн туғанда ұстаздар қорғайды елін.
Жырлауымда себеп бер, ағайындар,
Жұбайым да мұғалім сондай менің!

Құрметті ұстаздар қауымы, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Шаңырақтарыңа шаттық, отбасыларыңызға амандық, қызметте табысты болуларыңызды тілеймін!
05 қазан 2019 ж. 3 213 0