МӘМС: 50 734 қызылордалыққа көмек көрсетілді

Аталған медицина мекемесінде учаскелік дәрігер жолдамасы арқылы емделіп жатырмын және барлық дәрі-дәрмектерді тегін алудамын. Қазіргі таңда денсаулығым жақсарды. Клиниканың медициналық қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі мен сезімталдығы үшін алғыс айтамын. Мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс істейтініне көзім жетті. Бұған дейін маған Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық орталықта және көпбейінді облыстық ауруханада ақысыз ота жасалған болатын. Барлық сақтандырылған азаматтар қымбат медициналық қызметтерге қол жеткізе алады», - дейді Күлжан Үксікбаева.
2020 жылы ТМККК және МӘМС шеңберінде 50 734 қызылордалыққа стационарды алмастыратын көмек көрсетілді. Бұл мақсатқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 4 704,6 млн теңге бөлінді.
2021 жылдың 2 айында аймақтың күндізгі стационарларында 10 882 адам емделді, осыған 1 040,6 млн теңге бағытталды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі