Қызылордада 14 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп кетті

Бұл оқиға жайлы Қызылорда қалалық полиция басқармасы пікір білдірді.
"Жас қыз өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Кәмелетке толмаған жеткіншек медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
stan.kz