Қызылордада жол көлік оқиғасы салдарынан 2 адам көз жұмды

Оқиға 23 шілде күні түнгі сағат 22:50 шамасында орын алған. Ресей Федерациясында тіркелген «ВАЗ – 2114» маркалы автокөлігі жоғары жылдамдықпен келіп, «Мерседес – Бенц» маркалы көлігіне жанама соғу арқылы 4 адамды қаққандығы жөнінде полицияға хабарлама түсті.
Жол көлік оқиғасы салдарынан жол жиегінде келе жатқан 28 жастағы азаматша мен оның нәрестесі оқиға орнында көз жұмды, 2 азамат түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

kyzylorda-news.kz«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Кінәлі жүргізушінің жансақтау бөліміне жеткізілуіне байланысты оған қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде»,- делінген хабарламада.