9, 10 және 11 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қазгидрометтің синоптиктері Қазақстанға 9, 10 және 11 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Жұма күні ауа райы қандай болады
Синоптиктердің болжамынша, Екатеринбург аймақтарынан қозғалатын циклон республиканың басым бөлігіне жауын-шашын әкеледі. 10 наурызда оңтүстікте қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын болады деп болжануда. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Бейсенбіде батыс аймақтарға Солтүстік-Батыс антициклонның салқын ауа массаларының келіп, температураның төмендейді.
Сонымен қатар, метеорологтер 9 наурызға арналған дауыл туралы ескерту жариялады.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, секундына 15-20 метр болатын ел соғады. Кей жерлерде тұман күтіледі. Ақтөбеде түнде бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады.
Көкшетауда жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін соғады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтауда 9 наурызда көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Петропавлда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
stan.kz