Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Бүгін өз еркімен өтініш білдірген Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне «Спутник V» вакцинасы егілді.

ҚАЖ департаментінің 17 қызметкері «Спутник V» вакцинасын салдырды. Вакцина салмас бұрын қызметкерлердің денсаулығы тексеріліп, екпе салынған соң дәрігердің бақылауында болады.

ЗК-169/1 мекемесінің кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет майоры Айдос Әлназаров ҚАЖ қызметкерлері арасынан алғашқы болып, коронавирусқа қарсы вакцина салғызды.

«Екпе салдырғалы бері денсаулығымда еш өзгеріс орын ала қойған жоқ. Арнайы контигенттермен жұмыс жасайтын болған соң, бұл вакцинаны міндетті түрде салдыру қажет деп есептеймін. Сондықтан да өзге азаматтарды да вакцина салдыруға шақырамын»,- деді әділет майоры Айдос Әлназаров.
kyzylorda-news.kz

11 наурыз 2021 ж. 462 0