Қызылордада қарындасы түрмедегі ағасына бауырсақ ішіне телефон салып өткізбек болды

Қызылордада қарындасы тергеу изоляторында қамауда отырған ағасына бауырсаққа салып телефон өткізбек болған.
Сәлем-сауқат есебінде алып келген бауырсақ ішінен телефон табылды. Қарындасы Nokia маркалы телефоны мен қуаттағыш құрылғысын фольга қағазына орап, бауырсақ ішіне жасырған.
Айта кетейік, қамаудағы ағасы ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабымен сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.
«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 481-бабына сәйкес іс-құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды» деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.