Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сиқырдың сиқы

Сиқырдың сиқы

Қасиетті Құранды ашатын алғашқы «Фатиха» сүресінің бірінші аятында «ғәләмин» сөзі тұр. Бұл әлемдер деген көпше сөз. Демек, адамзат әлемімен қатарлас бізден жасырылған – ғайып әлемдер бары хақ. Олардың бірсыпырасы ғана мәлім, қалғандары сыр! Ал, оған сенім келтіру иманның бұлжытпас мүттәқин шарты әрі әрқайсысы әрқилы.Ардақты Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз аса қауіпті болған ұлы жеті күнәні біздерге тізбектеп берген. Осылардың ішінде адамтағдырын тәлкекке салатын,өмірінің ойранын шығаратын көзбояушылық-сиқыр бірінші орында. Бұл зұлматпен айналысу мұсылман пенденің қолынан келе қоймас. Тек иманын Әзәзілге сатып,ата дінінен айырылып, тіпті кәпірден төмен деңгейге түскен жүзеге асырушылардың қолынан келеді. Негізінде, бұл адамзатқа сырттан жасалынатын қастандық, Харут Маруттың үйреткенжақсылық ниетпен де атқаруға болмайтын Алланың ұлы тыйымы. Мұса (ғ.с.) пайғамбар тұсында өркендеп, кейін құлдилаған. Сол себепті, барлық дінде мұнымен айналысқандарды аямастан жазалаған. Алайда, түп тамырымен қияметке дейін жалғасатын осы жауыздықмұсылман мұсылманға, келіндер қайын жұртқа, достар бір-біріне, әйелі еріне, кәсіпкер серіктестертер арасында жиі кездесетін болды.
Шариғи тілде өз болмысын өзгерту үшін жынға, шайтанға қайырылу сиқыр делінеді. Бүгіннің кей адамдары бұл іске жақсы атау беріп,«Ақ магия» дейді. Бірақ,атын өзгерткенмен, заты мәңгілік бәрібір өзгермейтін харами дүние. Тіпті адамды адамға қосу, бір-біріне жақсы көрсету, қарызын қайтарту үшін жасалынса да.Жалпы сиқырмен дуалау, жын ұру, көз тию дегендердің шығатын жері бір яғни имансыздықтың бастауы. Қызғаныш оның түртпегі, қаражат оның ілмегі.Бүгінде осы бір кесапат кесірмен айналысушылардың саны көбейсе, оған жүгінушілердің қатары азаймауда. Құранның бірнеше аяттары мен сүрелері бұл жөнінде хабарлар ақтарады. Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызды да сиқырлаған. Оның (с.ғ.с) хадисінде көп адамның көз тиюден өлетіндігі айтылса, адамды қабірге, хайуанды қазанға түсіретінін де айтқан. Көз тию бар, ол ақиқат.Қазақта «Көз тиеді, көз тимесе сөз тиеді» дейді. Яғни “Көзі бар” адамдардың да, жындардың да сұқтана қарауы. Жобада осы тізбектің дерлік белгілері бір-біріне ұқсас. Олардың қатарында адамның рухани құлазуы, құлықсыздығы, бедеулігі, түсік тастау жиілігі, жұмысының жүрмеуі, себепсізден себепсіз жылауы, бет-жүздің қараюы не сарғаюы, жалғыздықты сүюі, ешбір нәрседен ләззат алмауы, барлық мәселеде тұрақсыздығы, бір аурудың асқынуы, емі табылмауы, сырқаттың ұзауы, жүректің қысылуы, тым қатты есінеуі яки кекіруі айтылған. Осының бәрі адамды толықтай өзгертеді яғни жүйкесі сыр береді,рухани құлазиды,жалқауланады, ашушаң келеді, өз-өзіне сөйлейді, орынсыз күледі, дірілдеп қалшылдайды, түбінде өз-өзіне қол жұмсауына алып барғыздыруынаәбден ықтималды кесел. Әрі мұның ең үлкен белгісі адамның себепсіз үнемі сұлқ құлай беруі.
Түнде бастырылу, қорқыныш пен үрейлі түстер көру, биіктен құлау, ит мысық көру, лас нәрсені (түсінде) жеп ішу, қашу, қылқыну, буыну ұдайы көрініп не түс, не өңі екендігінен белгісіз күйге түседі. Бұл белгілердің басым көпшілігі әркімде әрқалай сипатта болуы мүмкін. Тек, ең жоғарғы дәрежеге жеткенде, түстегі қорқынышы өңіне айналып, елестері нақты күндізгідей көрінетін болады. Дегенмен, ең негізгісі дәстүрлі медицинаға қайырылып, ем-домдық кәсіби дәрігердің көмегі болмағанда яки табылмағанда ғана күмәнға алынып, тиісті шараларға кезек күттірмеу қажет. Жалпы, бұл рухани кеселден емделудің екі жолы көрсетілген. Біріншісі, қасиетті Құранның ұлы дұғаларымен айығу болса, екіншісі дәл сондай сиқыршының үлкенірегіне бару. Тек, екінші жолына шариғат тыйым салады.
Аурулар екіге бөлінеді, дене және рух. Сол рух кеселіне жын әлемінің тікелей әсері бар. Бұл қасіреттен сақтанудың негізгі жолы мыналар: саф таза ақида (сенім) ұстану арқылы жаратқан жалғыз Аллаға иманы мен үміті нық болу, күнә атаулыдан алыс болу, әуретті жердің жабық жүруі, бірде-бір жаратылысқа нақақтан (әдейілеп) жазықсыз зияндық көрсетпеу. Ұдайы ғұсыл-дәретпентаза жүру, құлшылық жасау, сүннет дұға-тілектерге сүйену. Қатты қуану мен қайғыда өз-өзін жоғалтпау, сабыр сақтау және көпшілік жамағатпен бірге болу.
Бүгінде сиқыр мен дұға, көз тию себептерінен кейбіржүздердіқайғы шалған, отбасыларды үрей ұялаған, санадан алжасқан, шаңырағынан өздеріне мүлде тиесілі болмаған заттар мен түйіншіктер табылып жатқан жағдаяттар көп. Тіпті, зират басында, қабір жанында, оның құлыптасында тескілене жыртылған, кескіленген суреттердің, әр нәрселердің табылып жатқандығы көпшіліктің алаңдаушылығын туғызуда. Бұл анық сиқыр. Ал, сапырылысқан балгерлер, бақсылар, көріпкелдер, жол ашушылар осы сиқыр, жын әлемінің әскерлері. Ал, олардың қара қойлары мен тауықтары, маңдай мен қабырғаға жаққан қандары сиқырдың элементтері. Зират-моланың топырағы, тұз бен шекер, ине шаншылған қуыршақтар яғни баршасы осы ұлы апатты күнәнің аспаптары. Осы күпір істермен айналысқандардың өздері, тұқымдарымен қоса зардап шегетіндігін баса айта келе, оларға қайырылып, көмек сұраудың өзі опық жегізетін имансыз қарабет қылықтар екендігін тағы да еске салғым келеді. Ал, енді қорыққанға қос көрінгендей, әрбір нәрселерден үрейлене бермеу керек. Ала жіп пен инеден, шырпы мен шүберектен үркімей, жалғыз Жасаған Алламызға тәуекелімізді кемелдендіруге шақырар едім.

Нұрлан қажы Байжігітұлы
Дінтанушы, имам
12 наурыз 2021 ж. 522 0