Студенттердің шәкіртақысы 2 есеге өседі

Солардың қатарында ең алдымен 2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы 2 есеге ұлғаятыны туралы айтылды.
Мәселен, Бакалавриаттардың шәкіртақысы – 26 186 теңге (2025 жылға дейін 52 372 теңге);
Магистранттардың шәкіртақысы – 66 913 теңге (2025 жылға дейін 117 098 теңге);
Доктаранттардың шәкіртақысы – 150 000 теңге (2025 жылға дейін 262 000 теңге).
Одан өзге, Алдағы уақытта 800 жаңа мектеп салынып, 5000 ауыл мектебі жаңғыртылады. Колледждерде 9-сынып негізінде оқу толығымен тегін болады. Колледждерді бизнеске сенімді басқаруға беру тәжірибесі жалғасады (қазіргі уақытта 10 колледж берілді).