Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы игі істер қоржынын толықтыруды жалғастыруда

Қаланың шет аймақта тұратын тағы бір отбасы да қолдауды қажет етеді. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған үш баласы бар, олардың көру қабілеті нашар.
Айта кетейік, «Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының орталық аппаратының бастамасымен ұйымдастырылуда. Жыл сайын, жаңа жыл қарсаңында, Наурыз мерекесі, Білім күні қызметкерлер балаларға сыйлықтар дайындайды, сондай-ақ отбасыларға азық-түлік, киім-кешекпен көмектеседі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы игі істер қоржынын толықтыруды жалғастыруда.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі