Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемқызметшілердің әдеп кодексі жаңартылады

Мемқызметшілердің әдеп кодексі жаңартылады

Мемлекеттік басқару саласында біраз өзгеріс болады. Тұжырымдама жасалып, кадр сапасын арттыру және аппартты кәсібилендіру үшін 14 жоба жасалды. Мемлекеттік қызметшіге қойылатын талап та күшейді. Кандидаттарды іріктеу ережесі жетілдіріледі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі дарынды, білімді жастарды тәрбиелеу жүйесін жасамақ. Яғни жаңа заман көшбасшылары халықпен тығыз жұмыс жасауды үйренеді. Әдеп кодексін жаңғыртып, маман сапасын арттыру жоспары бар. Тұжырымдама аясында мемлекеттік қызметті автоматтандыру, электронды қызмет түрін дамыту жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік пакеті қайта қаралады.

«Мемлекеттік басқарудың жаңа құндылықтарын енгізу қажет. Бұл құндылықтар инновацияларға ашықтық. Жеке жауапкершілік, өкілеттілікті табыстау, азаматтар мен бизнестің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Тиімділік пен нәтижеге бағдарлану, бизнес процесті оңтайлану, бюрократияны жою жөніндегі жолдарды іздестіру. Азаматтық қоғам мен сарапшылық қоғамды процестерге белсенді тарту», – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев.

kyzylorda-news.kz
18 наурыз 2021 ж. 813 0