Облыстағы 402 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды

Мемлекет басшысы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы он бес қадамы халық мүддесіне қызмет ететін кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудан басталады.
Ұлт жоспары 100 нақты қадамның 9-шы қадамында мемлекеттік қызметшілерді тұрақты оқытып, олардың кәсіби шеберлігін арттыру қажеттігі айтылған. Бұл тапсырма Қызылорда облысында да орындалуда. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының 183 мемлекеттік қызметшісі қайта даярланып, 402 мемлекеттік әкімшілік қызметші біліктілігін жетілдірді.
Сонымен қатар, 62 кент және ауылдық округтер әкімдеріне арналған «Өңірді дамыту үшін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау» тақырыбында семинар өтті.
Қайта даярлау және біліктілікті арттыру семинарларында мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды тақырыптар қамтылды.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды жетілдіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен тұрақты түрде жүргізілуде және үнемі бақылауда.
Ерлан Әлішеров,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы