ХАЛЫҚҚҚА ҚЫЗМЕТ – МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ!

Сонымен бірге, жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының және аудан әкімінің алғыс хаттарымен мемлекеттік қызметте өзінің біліктілігімен, іскерлігімен өнеге көрсетіп жүрген бір топ сала майталмандарына құрмет көрсетіліп, мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандарға куәлік пен ауданға қарасты Райым және Қарақұм ауылдық округ әкімдеріне қызметтік автокөліктердің кілті табысталды.
Мерекелік шара одан әрі аудандағы жас мемлекеттік қызметшілер мен көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
