Бүгін ауа райы қандай болады?
20 наурызда жел күшейіп, жауын-шашын түседі, кей өңірлерде көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қара теңіз аймағынан келетін циклон республиканың барлық аумағына әсер етеді, онымен бірге жауын-шашын, кей жерлерінде қатты нөсер және қалың қар жауады, жел күшейіп, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей уақыттарда 30 м/с асып кетеді.
Шығыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с асып кетуі мүмкін.
Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
kyzylorda-news.kz