Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қызылордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24 наурызда еліміздегі 11 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялданды, деп хабарлайды Қазгидромет.
24 наурызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өскеменде көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ертең Семейде көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, жел 15-20 м/с күшейеді.

24 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Оралда тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

24 наурызда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Түнде кей жерлерде көктайғақ болады, бұрқасын соғуы ықтимал. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. Қарағанды қаласында ертең түнде көктайғақ болады, бұрқасын соғады, батыстан, оңтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні 18 м/с жетеді.

Жезқазғанда ертең түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

24 наурызда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

24 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін.

Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қызылорда қаласына ертең кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

24 наурызда түнде Павлодар облысының кей жерлерінде қалың қар жауады, тәулік бойы тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы мүмкін.

Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Павлодар қаласында ертең түнде қалың қар жауады, тәулік бойы бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.

24 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 17-22 м/с күшейеді.

Бүгін күндіз Ақтауда шаңды дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

24 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жер оңтүстік шығыстан, шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 18 м/с күшейеді.

24 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

24 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. 24 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу боран соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Бүгін күндіз Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

kyzylorda-news.kz
24 наурыз 2021 ж. 337 0