Сабақ уақытында оқушыларға маска тақпай отыруға рұқсат етіледі
Бұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тамақтану, тәрбие және білім беру объектілерін санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахымжанова ОКҚ-да өткен брифинг барысында мәлімдеді деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар 40 минут, ал төменгі сыныптар 30 минут сабақта отырады, үзіліске шығады. Сонымен қатар, іс жүзінде көптеген сыныптарда балалардың көбі маскасыз отырады, оны мониторингтердің нәтижелері көрсетті, немесе баланы 40 минут бойы маскамен отырғызып қою өте қиын. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі талапты талдап, осындай шешім қабылдады. Бірінші кезеңде штаттық режимде оқытуға рұқсат берілген өңірлерде, тек сол жерде ғана бұл талаптар сақталмайды», деп түсіндірді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тамақтану, тәрбие және білім беру объектілерін санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахымжанова.
Сонымен қатар, ол балаларға маска тағып жүрудің қауіпсіз екенін түсіндіру әр ата-ананың жауапкершілігі екенін атап өтті.
«Міндетті түрде маска тағу талабын алып тастау барлық балаларды маскасыз отыруға мәжбүр етеміз деген сөз емес. Егер бала мен ата–ана оның бетперде таққанын қаласа – бұл құпталады», деп атап өтті спикер.
syrboyi.kz