Емдеуден гөрі алдын-алу әрқашан жақсы
Күндізгі стационар дәрігері Қайрат Ермановтың айтуынша, уақытылы тексеріліп, емдеудің арқасында жүрек-қан тамырлары ауруларынан өлімі төмендеуі байқалады.
«Көбіне бізге «артериялық гипертензия» диагнозы бар пациенттер келіп түседі. Олар жылына екі рет емделеді. Барлық процедуралар, дәрі-дәрмектер тегін. Төсек орындары көбейтілді. Оның ішінде, 20-сы күндізгі стационарда. Жалпы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен оң өзгерістер байқалады», - деп атап өтті Қайрат Ерманов.Айта кетейік, МӘМС аясында жыл басынан бері Сырдария ауданы бойынша 80-нен астам тұрғын күндізгі стационарда ем қабылдаған.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі










