2021 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал қандай?
2021 жылдың сәуірінде көптеген жұлдыз белгілері жаңа өмір парағын ашатын болады. Алайда көктемгі өзгерістер мүлдем әсер етпейтін жағдайлар да табылады. Торпақтардың жеке өмірінде қандай өзгерістер орнайды? Арыстандар неге баса назар аударуы керек? Шаяндар неден қауіптенгені дұрыс? Бұл туралы сәуір айына арналған жұлдыз жорамалдан оқи аласыздар.
Тоқты
Сәуір айы Тоқтылар үшін ең сәтті кезең болмақ. Жұлдыз белгілерінің «тұңғышына» барлық жолдар ашық. Бұл уақыт жаңа жобаларды жүзеге асыру және пайда алу үшін сәтті. Дегенмен жұлдыз жорамал көрсеткендей, тапқан ақшаңызды жұмсамағаныңыз абзал. Қаражатты инвестицияларға немесе жаңа жобаларды іске асыруға салғаныңыз жөн.
Жеке өмірінде Тоқтылар серіктестің назары мен қолдауына сене алады. Жұлдыз жорамал бойынша денсаулығыңыз сыр бермейді.
Торпақ
Торпақ серігі сәуір айында олжаға кенеледі. Торпақтың өзі болса, мансабы өсу үшін басшылықты қабылдап, құрметтеуі керек. Ал артық эмоциялар жағымсыз жағдайға әкелуі мүмкін.
Жағымсыз эмоцияларды ішіңізде сақтауға тырыспаңыз, дегенмен қасыңыздағы серіктесіңізге де ашуыңызды көрсетпегеніңіз абзал.
Сәуір айында Торпақтар маманға жүгініп немесе ең болмағанда жақын досымен сөйлескені дұрыс. Осылайша жұлдыз белгісі қажетсіз уайымнан құтылып, жақын жандармен қарым-қатынастарын сақтайды.
Егіздер
Сәуір айында Егіздерге жаңа жұмыс ұсыныстары түсіп, пайдаға кенеледі. Қол жеткізген қаражатты бірден жұмсамай, ақылға салып, ойланғаныңыз жөн.
Сіздің серігіңіздің ісі өрге домалап келеді. Егер сіз қарым-қатынаста болмасаңыз, онда бұл ай жаңа танысулар үшін қолайлы.
Денсаулық мәселесіне келсек, жылы су көбірек ішу өажет. Бұл Егіздердің әл-ауқатын жақсартып, мінездерін жұмсартады.
Шаян
Сәуір айында Шаяндардың жұмысы жемісті болады немесе олар көпшілік алдында сөз сөйлейді. Жұлдыздар бұқара алдында сөйлеу ұсынысынан бас тартпауға кеңес береді. Бұл мансаптың жоғарылауына және табыстың өсуіне ықпал етеді. Бұл ай сізге керемет танымалдылық әкелуі мүмкін екен.
Шаяндардың жеке өмірі бір тәртіпке келуді қажет етеді. Мазасыз ойларыңызды тыныштандырғаныңыз жөн, өйткені кез келген сәтте олар денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Арыстан
Сәуір айы Арыстандарға сәттілік әкеледі. Жұмыс ауыстыру мүмкіндігі бар, бұл тек жақсы жағына қарай болады. Ешқандай өзгерістерден қорықпаңыз.
Денсаулық тұрғысынан Арыстандар ағзадағы сүйек тіндеріне назар аударуы керек. Нутрициологқа баруыңыз және осы кезеңде коллаген, D3 және OMEGA – 3 қабылдау қажет болуы мүмкін.
Бикеш
Сәуір айында жеке бизнесі бар Бикештердің жүйкелері тоза бастайды. Алайда барынша сабырлылық танытқаныңыз жөн. Жұлдыздар Бикештерге және жұмысына тұрақтылықты уәде етеді.
Батылдық, табандылық көрсетіп, іс-әрекеттеріңізді жоспарлаңыз. Алға мақсат қойып, сол бойынша жұмыс істей бастаңыз.
Сәуір айында Бикештер үшін өз ойларын қадағалап, тек оң идеяларға назар аудару маңызды. Денсаулыққа қатысты жұлдыздар өзіңізге қамқорлық жасауды және экстремалды спортпен айналыспауды ұсынады. Алайда жұбыңызбен сөйлесу кезінде батыл болып, оған қызығушылық танытқаныңыз абзал.
Таразы
Сәуірде Таразылардың серігіне сәттілік әдеттегіден көп болады. Онымен ортақ бизнес болса, сәттілік екі есеге артады. Бірақ түскен пайданы кейінге қалдырмай, тезірек жұмсауға асығыңыз. Оларды жаңа жобаларға салыңыз немесе өзіңіздің қуанышыңыз үшін жұмсаңыз.
Сәуір айындағы жұлдыздар Таразыларды шығармашылық спорт түрлерінде қолдайды. Дене шынықтыру мен көтеріңкі көңіл-күйді жақсарту үшін би немесе гимнастика жаттығулары ұсынылады.
Сарышаян
Сарышаяндар сәуір айында денсаулығына байланысты мәселелерге тап болады. Осы кезеңдегі жұмыстар уақытында аяқталуы керек. Жаңа жоба үшін несие алу туралы ойлардан аулақ болыңыз. Одан гөрі жеке өміріңіз туралы ойлаңыз.
Қарым-қатынастар біршама тұрақсыз болып келеді. Серігіңізбен қарым-қатынасын жақсарту үшін Сарышаяндар жұмсақтық танытуға мәжбүр болады. Жіберген қателіктерге шыдамды болу арқылы Сарышаяндар өздеріне жақын адамдарымен байланысын сақтап қала алады.
Мерген
Сәуір айында Мерген белгісінің өкілдері елеусіз қалмайды. Дегенмен өзіңізге назар аударғандардың әрбіріне уақыт құртудың қажеті жоқ
Назар аударыңыз: өміріңізде сізге шынымен қызықты және өзіңізге лайықты біреу пайда болады.
Бұл арада Мергендердің қаржылық жағдайы тұрақты болады. Десек те өз жұмысында оған шығармашылық көзқарас танытуға тура келеді.
Тауешкі
Сәуір айында жұлдыздар Тауешкіні жаңа ойларға ашық болуға шақырады. Сонымен бірге өз ойларымен де бөлісуі керек. Достық пен романтикалық қарым-қатынастар туралы да ұмытпаңыз.
Жұмыста тәлімгерлікті, ал қарым-қатынас пен махаббатта қамқорлық пен жылулық танытыңыз.
Денсаулық тұрғысынан Тауешкілерді бас ауруы күтеді. Осы кезеңде жұлдыздар жоғарғы иық белдеуі мен мойын бұлшықеттерін созуды ұсынады.
Суқұйғыш
Сәуір айы Суқұйғыштардың көшбасшылық қасиеттерін оятады. Жұлдыздар мүндай қабілеттерді жұмыста қолдануға шақырады. Бұл болашақта жемісті болмақ.
Жұлдыздарға сенсек, үй салудың немесе жаңа жылжымайтын мүлік сатып алудың уақыты келді.
Суқұйғыштардың серігі қызметте көтерілуі мүмкін, соған байланысты олардың арақатынастары суиды. Қорқатын ештеңе жоқ – бұл тек уақытша. Денсаулығына байланысты Суқұйғыштар кондитерлік және нан өнімдерін тұтынуды азайтуы керек.
Балықтар
Сәуірде Балықтар еңбегінің өнімін көреді. Мұнымен қоса, белгі өкілдері өздерінің басқа жобаларын ескерусіз қалдырмауы керек. Балықтардың жеке өмірінде қиындықтар туындайды.
Серігіңізге дауыс көтеруіңіз мүмкін. Онымен бейбіт келіссөздер жүргізу сіздің қолыңызда.
Жұлдыз жорамал бойынша Балықтар сәуір айында мойын мен кеуде қуысын суықтан қорғап, тыныс алу жүйесіне қамқорлық жасауы керек.