ҰБТ-2021: Биыл ҰБТ қалай өтеді?
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова биыл ҰБТ қандай форматта өтетінін айтты.
Вице-министр айтқандай, Білім және ғылым министрлігі білім саласын ары қарай жетілдіру бойынша бірқатар жұмыс атқаруда. Соның ішінде ашықтықты, адалдықты қамтамасыз ететін цифрландыру процестеріне көшкеніне біраз уақыт болды.
Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) электрон форматта өткізілу жоспарлануда. 2004 жылдан бері ҰБТ қағаз форматында өткізіліп келеді. Алғашында ҰБТ-ны өткізу екі функцияны алып жүрді. Біріншісі, мектеп бітіруге байланысты қорытынды аттестаттау жұмыстары және мектеп бітіргені жөнінде аттестат алу үшін және ЖОО-ға түсуге мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу функциясын алып жүрді, - деп түсіндірді Каринова.
Оның сөзінше, енді ҰБТ тек қана ЖОО-ға түсу үшін мемлекеттік грантты жеңіп алу конкурсына қатысу механизмі. Бұл – әлемдік тәжірибе. Осындай әдіспен барлық әлемде ЖОО-ға түсуге тестілеу жүргізіліп келеді. Еске сала кетейік, 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі
1) 15 және 20 қаңтар аралығы; 2) 26 және 31 наурыз аралығы; 3) 20 маусым мен 5 шілде аралығы; 4) 17 және 20 тамыз аралығы.
1) 15 және 20 қаңтар аралығы; 2) 26 және 31 наурыз аралығы; 3) 20 маусым мен 5 шілде аралығы; 4) 17 және 20 тамыз аралығы.
baq.kz