Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл соңғы қоңырау соғыла ма?

Биыл соңғы қоңырау соғыла ма?

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ алаңында өткен брифингте биыл дәстүрлі соңғы қоңырау соғыла ма деген сауалға жауап берді.
Өткен жылы осы уақытта оқушылар толығымен қашықтан оқығандықтан соңғы қоңырау соғылмаған еді. Енді биыл соңғы қоңырау соғыла ма деген сауал жолдады редакциямыз.

Соңғы қоңырау – мектептерде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан іс-шара. Шын мәнісінде «соңғы қоңырау» деген өз атына да лайықты. Яғни мектеп бітірушілерге арналған соңғы қоңырау. Мектепті бітіріп, жаңа жоғары оқу орындарына, жаңа өмір жолына, өмірінің кезекті кезеңіне өтуіне байланысты соңғы қоңырау соғылады, - деп түсіндірді вице-министр брифингте.

БҒМ өкілі атап өткендей, былтыр санитарлық жағдайға байланысты іс-шаралар өткізілген жоқ.

Дегенмен соңғы қоңырау әр түрлі форматта, яғни онлайн және басқа да форматта өткізіліп, оқушылармен қоштасу жұмыстары жүргізілді. Мектеп бітіруші түлектер қолдарына тиісті құжаттарын алды. Оқу жылының қорытындылары шығарылды. Оқушыларға қажетті барлық құжат үлестірілді. Табельдерінде бағалау жұмыстары іске асырылды, - деп айтты вице-министр.

Оның сөзінше, биыл да осы форматта жұмыс жалғасады.

Соңғы қоңырауды өткізу мәселесі бойынша мамыр айындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешім қабылданады, - деп жауап берді вице-министр Каринова.


baq.kz
26 наурыз 2021 ж. 1 087 0