Қызылорда облысы «сары» аймаққа кірді
Бұл туралы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.2021 жылдың 8 сәуіріндегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары енген.
Ал «сары» аймақта Шымкент қаласы мен Павлодар және Қызылорда облыстары тұр.
Қазақстанның өзге өңірлері «жасыл» аймақта.
baq.kz