Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина салдырса ораза бұзыла ма?

Вакцина салдырса ораза бұзыла ма?

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингіде қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай вакцина алу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Еркінбек Шоқайдың айтуынша, егер зат (сұйықтық) адам ағзасына ауыз немесе мұрынмен асқазан-ішек жолдары арқылы түсетін болса, ораза бұзылады. Ал вакцина инъекция жолымен енгенде ораза бұзылмайды.

«Қазір коронавирус тек біздің елге ғана емес, күллі әлемге қауіп төндіріп жатыр. Ғалымдар мен медицина қызметкерлері одан құтылудың жолын іздестіріп жатыр. Дәрігерлер қазір бұл індеттен құтылудың бірден-бір жолы ретінде екпе салуды ұсынып отыр. Өзім дәрігерлерге сенемін. Сондықтан жаппай вакцина алғанымыз дұрыс. Екпенің шариғатқа ешқандай қайшылығы жоқ», деді қаланың бас имамы.
Қаланың бас имамы дәруменге жатпайтын, тек емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат берілгенін айтты.

«Вакциналау инфекциялық аурулардың алдын алады және адамның иммунитетін көтереді. Вакцина дәрумен емес. Сол себепті екпе терінің астына, бұлшық етке немесе қан арқылы енгізілсе, ораза бұзылмайды», деді Алматы мешітінің бас имамы.

Бұдан бөлек, брифинг барысында ПТР тесттен өту оразаны бұзбайтыны да айтылды. Имамның айтуынша, тек ішке тамақ, не су қабылдағанда ғана бұзылады.

egemen.kz
12 сәуір 2021 ж. 399 0