Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысқы оқу кезеңі бойынша бақылау тексерісі

Қысқы оқу кезеңі бойынша бақылау тексерісі

Қызылорда гарнизоны жергілікті әскери басқару органдарында қысқы оқу кезеңіне қорытынды жасалынып, бақылау тексерісі басталды.
Қызылорда гарнизонының облыстық, қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі мекемелердің жеке құрамымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2021 жылға арналған жауынгерлік жоспарына сай әскерлерді бақылау тексерісі жүргізілуде. Тексерісбарлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілуде.
Бақылау тексерісінің мақсаты – жауынгерлік дайындықтың нақты жағдайын анықтау, жергілікті әскери басқару органдарының үйлесілімділік деңгейін тексеру және жауынгерлік әзірлікті қолдау бойынша жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіруде тәжірибелік көмек көрсету.
Жергілікті әскери басқару органдарының дайындық деңгейі арнайы, атыс, дене және мемлекеттік – құқықтық дайындық пәндері бойынша тексерілуде.
– Тексеру барысында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, басқармасы және бөлімдеріндегіәскери қызметшілердің біліктіліктерін анықтау теориялық және іс- тәжірибе түрінде өтіп жатыр. Сондай-ақ, лауазымды тұлғалардың бағынысты құрамалардағы жауынгерлік даярлыққа басшылық ету жұмысын ұйымдастыру жүйесі де қадағалануда, – дейді Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің координация және жоспарлау бөлімінің бастығы майор Абай Молдағалиев.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, сержант 

13 сәуір 2021 ж. 634 0