Ерікті жастар тегін бетперде таратты

Коронавирус індетінің алдын-алу, вирустық инфекцияның таралуын тежеу мақсатында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудан еріктілері мен жастар ресурстық орталығының қызметкерлері аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарда 700 қорғаныш бетперделерін тегін таратты.
Сондай-ақ, халыққа қауіпті індеттің таралу жолы, оның симптомдары мен одан сақтану шаралары түсіндіріліп, халық көп жиналатын сауда орындарында арнайы ескертпелер ілінді. Елене бермейтін мұндай жұмыстардың артында әсте үлкен жауапкершілік пен тұтас әлемді сақтаудың қарапайым қағидасы тұр. Сондықтан ескертпелерді ескеріп, сақтық шараларын қатаң сақтап жүрген жөн. Бұл әрекет арқылы әр адам өзін емес өзгені де қорғай алады. Осыны естен шығармаған жөн.
«Толқын» ақпарат