Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандай жағдайда ораза бұзылады?

Қандай жағдайда ораза бұзылады?

Қасиетті Рамазан айы басталғалы бірнеше күн өтті. Бауырларымыз ерекше айды күтеді және оразасын ұстайды. Дегенмен оразаны қалай дұрыс ұстау керектігі жайында жиі айтылса да, алғаш рет ораза ұстағандарда туындайтын сұрақтар жоқ емес.
Тазалыққа қалай көңіл бөліп, уақытты қалай өткізу керек? Жалпы оразаны қалай дұрыс ұстау керектігі туралы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы Бақытжан Өткелбаев түсіндіріп берді.
Оразаны бірінші рет ұстап жатқан жандарға Рамазан айы туралы сенімді ақпарат көздерінен, уағыз насихаттардан ақпарат алуға кеңес берер едім. Оның ішінде оразаның қандай жағдайда бұзылып, бұзылмайтынын әбден қанығып, ойына қондырып алуы қажет. Әрине алғаш рет ұстаған адамға бастапқы бір-екі күн қиын болары анық. Сол себепті сабырлықты барынша сақтау маңызды. Дегенмен бір апта ішінде адам организмі үйреніп, өз нәпсісін тәрбиелей бастайды. Ескерте кететін жайт, ораза ашығу айы емес. Рухани тазаратын, кемелдікке жететін ай, – деді ол.Темекі шегу шариғатымыз бойынша жағымсыз іс. Яғни, харам. Демек ораза ұстаған адам темекісін тартып жүрсе, оның оразасы бұзылады. Жалпы адам денсауылығына зиян заттарға дініміз қарсы. Сол себепті мұндай кісілерге шариғатымыздың шеңберіне сай ұстануға кеңес береміз. Әрине, барлығына бірдей тыйым сала алмаймыз. Дегенмен мұндай әдетті ауызашардан кейінге қалдырған абзал, - деп түсіндірді Бақытжан Өткелбаев.
Ораза отыз күнге белгіленгендіктен оны толық ұстау парыз. Бірақ біліп тұрып оразаны бұзудың кафәраты бар. Ондай кезде 60 күн ораза ұстау қажет. Ал білмей, оразаны бұзып қойған жағдайда бір күн ғана қазасын өтейді. Басында үш күн, ортасында үш күн ұстайды деген мәселеге келер болсақ, бұл шариғатқа сәйкес емес. Басқа күндері де толық ұстауға міндетті, - деп атап кетті наиб-имам.
Имам «Рамазан айында шылым шеккеннің айыбы жоқ» деп жүргендердің сұрағына жауап қатты.Сонымен бірге оразасын бөліп ұстанатындарға қатысты пікірін білдірді.Сонымен қатар ол көпшіліктің көкейінде жүрген ең негізгі сұрақтарға да тоқталып өтті. Сөзінше, егер тамақтанып отырған кезде жеп-ішіп отырған тағамға еріксіз шаң-тозаңдар түсіп кеткен жағдайда да ораза сақтала береді.
Ораза бұзылмайтын жағдайлар:
  • Сілекей мен түкірігін жұтып қойса;
  • Суға түскен жағдайда бұзылмайды;
  • Тіс пастасын қолданса;
  • Қан алдырған кезде;
  • Беттен сүйсе;
  • Көзіне дәрі-дәрмек тамызған уақытта ораза бұзылмайды.
Сонымен бірге екпе салдырған кезде де ораза бұзылмайды.
Сөз соңында рамазан айы әр адамның бойына біткен тәуелділіктен құтылып, жаңа өзгерістерге бет бұратын кезең екенін айтты.
Бұл ай адамдарды жаман ниеттен сақтап, шыдамдылыққа үйретеді. Мінез тұрғысынынан тұрақтылыққа тәрбиелейтін, көркемдікке жетелейтін ай, – деді «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы Бақытжан Өткелбаев.

baq.kz​​​
16 сәуір 2021 ж. 1 028 0