«Қауіпсіз жол» айлығы жалғасуда

Жиынға Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесі мен Қызылорда қаласы полиция департаментінің өкілдері қатысты. Жеке құрамға көлікпен жол жүру ережелері мен жол-көлік оқиғаларына қатысты сақтық шаралары айтылды. Сонымен қатар, 2021 жылға арналған талаптармен әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптары, апаттың адам өміріне тигізетін салдарлары туралы түсіндірілді.
Жиынның негізгі мақсаты – автокөлік жүргізудегі мәдениеттілікті арттыру, әскери қызметшілерде жол-көлік оқиғаларын болдырмау жолдарын қарастыру болып табылады.
- Әскери қызметшілермен айлықтан тыс жылдық кешенді жоспардың негізінде әскери техника және автокөлікпен жол жүру ережелері бойынша теориялық, іс-тәжірибелік сабақтар өткізіліп тұрады. Алдын алу шаралары әскери қызметшілердің қауіпсіздік ережелерін сақтауға, өз өмірі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Осындай айлық іс-шаралары жеке құрамның қауіпсіздігі жолында оң нәтижелерін беруде, - дейді Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің аға маманы ефрейтор Жасұлан Іскендіров.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, сержант