Ғалымдар шемішкенің қаупі туралы ескертті

"Шемішке шағу аппендицитке әкеледі деген миф. Бірақ асқазан шынымен де бұзылуы мүмкін, тек басқа себеппен", - деп ескертті дәрігер. Бочарова бұл өнім жараның немесе гастриттің өршуіне әкелетінін айтады. Өйткені майлардың көп мөлшері бар екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, шемішке өте жоғары калориялы:100 граммында 550 калория бар. Бұл бір шоколадқа тең. Ең қауіптісі - тамақ ретінде қабылданбайды және артық салмақтың пайда болуына ықпал етеді.
Алайда, өнім қалыпты мөлшерде өте пайдалы, өйткені оның құрамында талшық, В, А және Е дәрумендері және жүрек пен жүйке жүйесі үшін маңызды магний бар. Денсаулыққа зиян тигізбеу үшін күнделікті 30 грамнан артық емес тұтынуға болады. Сонымен қатар шемішкені қуыруға болмайды, өйткені оларда канцероген жиналады.