Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтағы өңірлер саны азайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
29 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары орналасқан.
Бүгін Маңғыстау облысы "қызыл" аймақтан шықты.
Осылайша "сары" аймаққа төрт өңір - Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары кірді.
"Жасыл" аймақта үш өңір бар - Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.